ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен алқа отырысы өтті.

Бүгін, 26 тамыз күні ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен алқа отырысы өтті.
Алқа отырысына селекторлық режимде Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Абдалиев, орынбасары Жанар Садуова және медицина ұйымдарының басшылары қатысты.
Алқа отырысында екі мәселе қаралды:
1. 2021 жылғы және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірлердегі медициналық көмектің сапасын талдау (медициналық қызмет көрсету деңгейі бойынша өңірлер рейтингін көрсету), жүйелі проблемаларды айқындау.
2. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 24 шілдедегі ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру.