ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ПАКЕТТЕРІ: АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

🚑 ТМККК – бастапқы және шұғыл медициналық көмек. Ол үшін өз қалтаңыздан төлем жасаудың қажеті жоқ. Себебі МӘМС жүйесіне қатысқаныңызға қарамастан, Сізге мемлекет кепілдік береді.

☝🏽 Бұл пакетке:

✳ паллиативті көмек

✳ туберкулез кезіндегі медициналық оңалту

✳ Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді

✳ созылмалы әрі әлеуметтік маңызы бар және Д-есепте тұрған аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

✳ Инфекциялық және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерді емдеу

☔ МӘМС – медициналық көмектің кеңейтілген пакетіне қол жеткізетін әлеуметтік медициналық сақтандыру. Пакетіндегі медициналық көмектің көлемі төлем жасаушының кірісіне немесе жүйеге төленетін жарналардың мөлшеріне байланысты емес.

☝🏽 МӘМС – бұл:

✳ салалық мамандардың кеңестері

✳ диагностикалық тексерулер

✳ амбулаториялық деңгейде емдеу

✳ күндізгі және тәулік бойғы стационарларда емделу

✳ қымбат тұратын медициналық қызметтер

✳ медициналық оңалту

дәрі-дәрмекпен қамту және МӘМС

💥 МӘМС көмегімен өз мүмкіндігіңізді кеңейтіңіз!