Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсене қатысуда
Жаңа оқу жылы қарсаңында облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина ұйымдары 100-ден астам балаға мектепке қажетті оқу-құралдар, спорттық киім және ақшалай сертификаттармен қамтамасыз етті.

Аурухана әкімшілігі медицина қызметкерлерінің 1 сыныпқа қадам басқалы отырған балаларын оқу жылымен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
