Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсене қатысуда

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсене қатысуда
Жаңа оқу жылы қарсаңында облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина ұйымдары 100-ден астам балаға мектепке қажетті оқу-құралдар, спорттық киім және ақшалай сертификаттармен қамтамасыз етті.
Бүгін, 31 тамыз күні аталған акция №2 Атырау облыстық ауруханасында жалғасын тапты.
Аурухана әкімшілігі медицина қызметкерлерінің 1 сыныпқа қадам басқалы отырған балаларын оқу жылымен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.