Первый руководитель

Укибаев Нурбек Алексеевич 09.05.1976 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген.

1983-1993 ж.ж. аралығында Caғыз ауылындағы №74 орта мектепте білім алды.

1993 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, l999 жылы педиатрия мамандығы бойынша тәмамдап, дәрігер біліктілігі бойынша диплом алды.

1999-2000 ж.ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясында интернатурадан өтті.

Еңбек жолын 2000–2004 жылдары Атырау облысы, Жылыой ауданы жедел жәрдем бөлімінде дәрігер болып бастады.

2004–2010 жылдары «Нефтестройсервис» ЖШС-де жалпы тәжірибелі дәрігер қызметін атқарды.

2010–2017 жылдары Атырау облысы, Жылыой аудандық орталық ауруханасында кардиолог дәрігер, сондай-ақ мамандандырылған көмек бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2017-2022 ж.ж. аралығында Жылыой аудандық орталық ауруханасы директоры қызметін атқарды.

2022-2025ж.ж. №1 Атырау қалалық емханасы директоры қызметін атқарды.

2025 жылдан бастап Атырау облыстық инфекциялық ауруханасының директор болып тағайындалды.

Отбасылы, үш баласы бар.