Мамандар

Елеуов Дәулен Халидоллаұлы – емдеу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары.1993–1999 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясында «Педиатрия» мамандығы бойынша білім алған. 2000 жылы «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша интернатураны аяқтаған.
2000–2016 жылдар аралығында әртүрлі медициналық ұйымдарда анестезиолог-реаниматолог дәрігері, реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, емдеу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары және медициналық көмектің сапасы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған.
2017–2024 жылдары реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2024 жылдың наурыз айынан бастап емдеу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарып келеді.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері. 2023 жылы «Атырау облысының үздік дәрігері» атағына ие болған. 2020 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Қайыржанов Руслан Қайыржанұлы Кеңес беру-диагностикалық бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы.
2020 жылы «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетін» «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2024жылы денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастырушы-менеджер біліктілігі бойынша MBA дәрежесін алған.
Қазіргі таңда аурухананың Кеңес беру-диагностикалық бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы ретінде қызмет атқарады. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, медициналық көмектің сапасын арттыру және пациенттерге көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізеді.

 

 

 

 

 

Қизатова Нұрфия Төлемісқызы-Директордың медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.
Қизатова Нұрфия Төлемісқызы 1997 жылы Марат Оспанов атындағы Мемлекеттік медицина академиясы оқу орнын педиатрия мамандығы бойынша үздік (қызыл дипломмен) тәмамдаған.
Жоғары санатты дәрігер-инфекционист, медицина ғылымдарының кандидаты. Сонымен қатар денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар инфекционисті ретінде қызмет атқарады.
Кәсіби қызметінде медициналық көмектің сапасын арттыруға, пациенттердің құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ пациенттерді қолдау жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. Басқарушылық және клиникалық тәжірибесін тиімді ұштастыра отырып, медициналық қызметтердің сапасын бақылау және жетілдіру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.

 

 

 

 

 

Канатова Шолпан Кенжебайовнақабылдау бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы.
2022 ж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Инфекциялық аурулар, соның ішінде балалар инфекциясы» бойынша резидентураны аяқтаған.
Қазіргі таңда аурухананың қабылдау бөлімі меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы. Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастырып, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында қызмет етеді. Өз жұмысында дәлелді медицина қағидаттарын ұстанады.

 

 

 

 

 

Хайдарова Жансая Жасқайратқызы  Жедел респираторлы вирусты инфекция бөлімшесінің меңгерушісі.
2020–2022 жж. Астана медицина университетінде «Инфекциялық аурулар, соның ішінде балалар инфекциясы» бойынша резидентураны аяқтаған. Қазіргі таңда ЖРВИ бөлімшесінің меңгерушісінің міндетін атқарушы ретінде бөлім жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз етіп, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында қызмет атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

Таңатбай Гүлжазира Алмасқызы Реанимация бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы.
2014-2021 жылдар аралығында М.Оспанов атындағы БҚММУ “Жалпы медицина” мамандығы бойынша, 2021-2024 ж.аралығында “Анестезиология және реаниматология” мамандағы бойынша резидентураны аяқтаған.
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Реанимация бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарады.

 

 

 

 

 

 

Талғатов Аманат Талғатұлы – Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі. 2018–2022 жылдар аралығында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті оқу орнында білім алып, «Қоғамдық денсаулық сақтау»мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қазіргі таңда Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Медициналық ұйымның қызметін жоспарлау, талдау және үйлестіру жұмыстарын ұйымдастырады. Сонымен қатар, медициналық көмектің сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

Алмуханова Зауре Тасхынгалиевна-Директордың мейіргер ісі жөніндегі орынбасары
1987 жылы Гурьев медициналық училищесін (қазіргі Атырау жоғары медицина колледжі) «Мейіргерлік ісі» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған. Жоғары санатты мейіргер, академиялық бакалавр, МВА. Жалпы еңбек өтілі – 39 жыл.Еңбек жолын 1987 жылы осы ауруханада кезекші мейіргер қызметінен бастаған. Кейін жұқпалы ішек аурулары бөлімшесінің аға мейіргері, бас мейіргер лауазымдарын атқарды. 2025 жылдан бастап директордың мейіргер ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Білімі:
* 1987 жыл – Гурьев медицина училищесі, мейіргерлік іс;
* ⁠2005 жыл – Каспий қоғамдық университеті, «Құқықтану» ( юриспруденция) мамандығы;
* 2022 жыл – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Мейіргер ісі» бойынша денсаулық сақтау бакалавры;
* 2025 жыл – MBA дәрежесі.
Кәсіби қызметінде мейіргерлік істі дамытуға, медициналық көмектің сапасын арттыруға, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мейіргер кадрларының кәсіби әлеуетін нығайтуға үлес қосып келеді.

 

 

Атырау облыстық инфекциялық ауруханасында медициналық көмекті жоғары білікті мамандар көрсетеді, оның ішінде:

  • инфекционист дәрігерлер;
  • анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер;
  • ультрадыбыстық диагностика дәрігері;
  • компьютерлік томография кабинетінің дәрігері;
  • рентгенолог дәрігер;
  • зертханашы дәрігерлер; 
  • эндокринолог дәрігер;
  • провизор;

Әртүрлі бейіндегі мамандардың болуы инфекциялық аурулары бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және бақылау жұмыстарын кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.