Пациенттерді қолдау қызметі

Пациенті қолдау және ішкі аудит қызметі

Қызмет туралы

Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметі  қызметі – Ауруханада медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Аурухананың дербес құрылымдық бөлімшесі.

Негізгі міндеттері:

  • медициналық көмектің сапасын басқару бойынша Аурухананың қызметін үйлестіру;
  • пациенттің сұраулары мен үміттерін қанағаттандыруға бағдарлану;
  • көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасына бағытталуы;
  • пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызметтерді көрсетудегі ақауларды азайту;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету тәртібін, пациент пен отбасы құқықтарын сақтау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, нормативтік-құқықтық актілердің және денсаулық сақтау саласындағы талаптарды сақтау;
  • әр қызметкерді медициналық көмектің сапасын және пациент қауіпсіздігін үздіксіз арттыру үрдісіне қатысуға ынталандыру;
  • медициналық қызметтердің сапасы және пациент қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен проблемаларды шешуде жүйелі тәсіл.

Егер, медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметіне хабарласыңыз. Қызмет сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және мәселені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуге көмектеседі.

Жазбаша жолданымыңызды бірінші қабаттағы тіркеу орнында орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар» жәшігінде қалдыра аласыз.

Сізге Ауруханада медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін жолданымыңыз, пікірлер мен тілектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Қызмет басшысы – Қизатова Нурьфия Тулемисовна, медицина ғылымдарының кандидаты, «Инфекциялық аурулар» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер

Біздің байланыс құралдарымыз:

Атырау қаласы, С.Бейбарыс даңғылы, 412  2-қабат, каб.7.

Телефон: 8(7122) 52-00-76