Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы – тарихы мен жетістіктері
ШЖҚ КМК «Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы» өз бастауын 1955 жылы құрылған бұрынғы Қалалық инфекциялық ауруханадан алады.
Жетпіс жылға жуық уақыт ішінде аурухана Атырау облысының тұрғындарына инфекциялық аурулар бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді. Осы кезеңде мекеме бірнеше рет қайта ұйымдастырылып, атауы өзгергенімен, негізгі миссиясы – балалар мен ересектерге сапалы әрі қолжетімді инфекциялық медициналық көмек көрсету бағытын сақтап қалды.
Аурухананың атаулары мен қайта құрылу кезеңдері
- ММ «Қалалық инфекциялық ауруханасы»;
- ММ «Қалалық балалар инфекциялық ауруханасы»;
- ММ «Қалалық инфекциялық ауруханасы»;
- КМК «Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы»;
- ШЖҚ КМК «Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы»;
- ШЖҚ КМК «№2 Атырау облыстық ауруханасы» (2017 ж.);
- ШЖҚ КМК «Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы» (2025 ж.).
Аурухананы басқарған бас дәрігерлер
Әр жылдары аурухананы келесі бас дәрігерлер басқарды:
- Филиппова Вера Николаевна;
- Даутова Ляззат Даутовна;
- Шағырова Бақытжамал Өтегенқызы;
- Сағын Халел Әлжанұлы;
- Қабдықапаров Нұрлыбек Рысқалиұлы;
- Сахауов Болат Сахауович;
- Нұрмұханов Қуаныш Құлбайұлы;
- Шермаханов Шыбынтай Айдарбекұлы;
- Құлбасов Мұрат Мағзомұлы;
- Сиджанов Мағжан Жолдасұлы;
- Ерғалиева Надя Атшығалиевна;
- Үкібаев Нұрбек Алексеевич.
Бүгінгі тынысы
Қазіргі таңда Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы өңірдегі инфекциялық аурулар бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жетекші медициналық ұйым болып табылады.
Аурухана кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде қызмет көрсетеді. Медициналық ұйым 240 төсек-орынға есептелген, оның ішінде 11 төсек-орын реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне тиесілі.
Құрылымы
Аурухана құрамына келесі бөлімшелер мен қызметтер кіреді:
- Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі;
- Жедел ішек инфекциялары бөлімшесі;
- Жедел респираторлық вирустық инфекциялар бөлімшесі;
- Қабылдау бөлімшесі;
- Госпитальдық фармация бөлімі;
- Клинико-биохимиялық зертхана;
- Бактериологиялық-серологиялық зертхана;
- Кеңес беру-диагностикалық бөлімі;
- Орталық стерилизация бөлімі;
- Кір жуу және дезинфекциялық камера қызметі;
- Асхана;
- Әкімшілік бөлім.
Ұжым және кадрлар
Аурухананың басты құндылығы – оның кәсіби ұжымы.
Қазіргі уақытта мекемеде 44 дәрігер еңбек етеді. Олардың қатарында медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары және бірінші біліктілік санатындағы мамандар, сондай-ақ облыстың штаттан тыс бас мамандары бар. Денсаулық сақтау ісінің үздігі атағына ие қызметкерлер саны – 7.
Сонымен қатар ауруханада:
- 143 орта буын медицина қызметкері;оның ішінде 12 академиялық бакалавр;
- 6 қолданбалы бакалавр;
- 57 кіші медицина қызметкері;
- 38 әкімшілік және шаруашылық қызметкері жұмыс істейді.
Медициналық көмектің сапасын арттыру және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру – аурухана әкімшілігінің негізгі басым бағыттарының бірі. Қызметкерлер жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі жетекші медициналық ұйымдарда біліктілігін арттырып отырады.
Жетістіктері мен қызмет бағыттары
Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы көпжылдық тәжірибесі мен кәсіби әлеуетінің арқасында өңір тұрғындарына сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсетіп келеді.
2023 жылы Атырау облысында алғаш рет аурухана базасында Госпитальдық фармация бөлімі ұйымдастырылып, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық мақсаттарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.
Аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің озық әдістерін қолданады.
Мекеме қызметкерлері аса қауіпті инфекцияларға қарсы күрес бойынша тұрақты дайындықтан өтеді және әртүрлі кезеңдерде тырысқақ, оба, сібір жарасы, коронавирус инфекциясы сияқты қауіпті жұқпалы аурулармен күресте жоғары кәсібилік танытты.
Бүгінде Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы өз қызметін үздіксіз жетілдіріп, медициналық көмектің сапасын арттыруға және заманауи денсаулық сақтау талаптарына сай дамуға ұмтылуда.
Ұжымның кәсібилігі, жауапкершілігі және халық денсаулығын сақтау жолындағы адал еңбегі мекеменің тұрақты дамуы мен болашақтағы жаңа жетістіктерінің берік негізі болып табылады.
















