ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Сіздерді «Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!
Аурухананың тарихы 1955 жылдан бастау алады. Ол кезде мекеме қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы ретінде жұмыс істеген. Осы кезеңнен бастап 1996 жылға дейін аурухана ескі барак үлгісіндегі ғимараттарда орналасқан.
1996 жылдан 2016 жылға дейін аурухана бұрынғы балабақша ғимаратына бейімделген типтік емес ғимаратта қызмет көрсетті.
2016 жылғы 2 желтоқсаннан бастап аурухана толықтай 180 төсек-орынға арналған жаңа типтік ғимаратқа көшірілді. Ғимарат жеті емдеу блогынан және шаруашылық блоктарынан (орталық стерилизациялау бөлімі, тағам дайындау блогы, дезинфекциялық камера, кір жуу орны, қазандық және кәріз жүйесі) тұрады.
Аурухана аумағының жалпы көлемі 3,5 гектарды, ал ғимараттың жалпы ауданы 14 314 шаршы метрді құрайды.
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қарашадағы №300 «Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК атауын өзгерту туралы» қаулысының негізінде аурухананың мәртебесі өзгертіліп, «Атырау облыстық №2 ауруханасы» ШЖҚ КМК болып қайта аталды.
2025 жылғы қаңтар айынан бастап ауруханаға қайтадан «Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК атауы берілді.
Қазіргі уақытта аурухана құрылымында келесі бөлімшелер жұмыс істейді:
- Қабылдау бөлімі;
- Жедел ішек инфекциялары бөлімшесі;
- Жедел респираторлық вирустық инфекциялар бөлімшесі;
- Консультативтік-диагностикалық бөлімше (ультрадыбыстық зерттеу кабинеті, рентген кабинеті, компьютерлік томография кабинеті, спирография кабинеті, бактериологиялық және серологиялық зертхана, клиникалық-биохимиялық зертхана);
- Госпитальдық фармация бөлімшесі.
Біздің сайт тұрғындарды аурухананың қызметі, оның құрылымдық бөлімшелері және көрсетілетін медициналық қызметтер туралы жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
















