Вакансиялар

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған конкурстық комиссия Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының                 «№2 Атырау облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесі мүшелігіне іріктеу жариялайды.

Конкурс 2024 жылғы 23 қыркүйек сағат 11.00-де Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, облыс әкімдігі ғимараты, №330  кабинетте өткізіледі.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№2 Атырау облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның орналасқан орны және пошталық мекен-жайы: индекс 060000, Атырау облысы, Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, 412, телефон: 8 (7122) 52 00 76, 52 00 92.
«№2 Атырау облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК негізгі қызметі болып лицензия мен оның қосымшаларына сәйкес ересектерге және балаларға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
      2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
      3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
      2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
      3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
      4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2024 жылғы 20 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін комиссияға Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, облыс әкімдігі ғимараты, №328 бөлмеге келесі құжаттарды тапсыру керек:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
      2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
      3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
      4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
      6) ҚР Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Конкурстық ұсыным салынған конверт Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сай рәсімделуі тиіс.
Қосымша ақпараттарды мына телефондар бойынша білуге болады:                                   8 (7122) 27 09 14.

Дәрігер ревматолог
Маманның сертификаты немесе біліктілік санатын беру туралы куәлігі болуы тиіс
Мамандық бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Дәрігер лаборант
Маманның сертификаты немесе біліктілік санатын беру туралы куәлігі болуы тиіс
Мамандық бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Мамандығы: Мейіргер ісі (Мейіргер)
Маманның сертификаты немесе біліктілік санатын беру туралы куәлігі болуы тиіс
Мамандық бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Тазалықшы
Медициналық санитарлық кітапшасы болуы тиіс
Еңбек өтілі 1 жыл