Атырауда соңғы екі аптаны салыстырғанда Covid-19 аурушаңдық саны 4 есеге өсті
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында мәлім етті.
– Бүгінгі күні облыс бойынша 333 инфекциялық төсек орын бар, оның ішінде 33 реанимациялық төсек орын жасақталған. 2022 жылдың 19 шілде күні жағдайымен жалпы инфекциялық стационарда 33 науқас ем алуда. Оның ішінде (№2 Атырау облыстық аурухана) 28 науқас, оның ішінде жан сақтау бөлімінде 1 науқас. Жылыой аудандық ауруханасындағы инфекциялық стационарда 4 науқас, Құрманғазы аудандық ауруханасындағы инфекциялық стационарда 1 науқас емделуде. Жалпы инфекциялық стационар төсек-орын жүктемесі 9,9%-ы, жан сақтау бөлімінің төсек-орын жүктемесі 3,0%-ы құрап отыр. Бүгінгі күні амбулаторлық бақылауда 272 науқас бар, деді Асхан Байдуәлиев.