Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 36 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 29 жағдайы расталды. Ал, 1 науқас – Теңіз кен орнында анықталған, 3 – Жылыой ауданында, 1 – науқас Индер ауданында, 1 науқас – Исатай ауданында, 1 науқас – Махамбет ауданында анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 19 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 17 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 262 адам емделді.
Қазір 2 036 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада – 15, модульдік ауруханада – 102 фтизиопульманологиялық орталықта – 18 адам, аудандық инфекциялық стационарларда – 36. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 1 науқас емделдіп жатыр.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “сары” аймақта.