№2 Атырау облыстық ауруханасында “Ашық есік күні” өтеді

№2 Атырау облыстық ауруханасында “Ашық есік күні” өтеді

2022 жылдың 4 наурыз күні №2 Атырау облыстық ауруханасында клиникалық-диагностикалық бөлімшенің ашылуына байланысты “Ашық есік күні” өтеді.

Бұл күні сіз мамандардың кеңесіне тегін жүгініп, қажет болған жағдайда 20 % жеңілдікпен медициналық тексеруден өте аласыз.

Аурухана заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Рентген кабинеті, бактерио-серологиялық зертхана, клиникалық-диагностикалық зертхана, ФГДС (эндоскопия) кабинеті, ультрадыбыстық зерттеу кабинеті, компьютерлік томография кабинетімен қамтылған.

Амбулаториялық-емханалық қабылдауды кардиолог, инфекционист, эндокринолог, невропатолог,эндоскопист және аллерголог мамандары жүргізеді.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік, амбулаторлық карта және соңғы талдаулардың нәтижелері болуы тиіс.

Айта кетейік, зертханалық зерттеулер және кейбір диагностикалық талдаулар аш қарынға жүргізіледі.

Қабылдау уақыты: сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.

Мекен-жайы: Сұлтан Бейбарыс даңғылы, 412.