Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады.
Соңғы тәулікте өңірде COVID-19-дан 10 адам емделді. Соңғы 2 науқас 24 ақпанда №2 облыстық аурухананың инфекциялық стационарынан шығарылды.
Осылайша, облыстық №2 аурухананың инфекциялық стационарында, фтизиопульмонологиялық орталықта, сондай-ақ Теңіз кен орнында COVID-19 бар пациенттер жоқ.