Кеңес беру диагностикалық бөлімшесі
Атырау облысы ДСБ-ың 19.09.2017ж.«Кеңес беру диагностикалық бөлімшесін ашу туралы» №622/1 бұйрығына және аурухана директорының 19.09.2017ж. «Кеңес беру диагностикалық бөлімшесін ашу туралы» №415-н бұйрығына сәйкес №2 облыстық ауруханада кеңес беру диагностикалық бөлімшесі ашылды.
Кеңес беру диагностикалық бөлімшесінде келесі қызметтер көрсетіледі:
• Компьютерлік томография кабинеті
• Рентген кабинеті
• Ультрадыбыстық зерттеу кабинеті
Компьютерлік томография кабинеті
2017 жылдың 15 желтоқсанынан бастап кеңес беру диагностикалық бөлімшесінде, IngenuityCore 128 «Philips» фирмасынан Голландиядан шыққан заманауи 128 кесінді компьютерлік томография аппараты іске қосылды.
Компьютерлі томография кабинеті негізгі ғимаратта орналасқан.
Аурухананың тіркеу бөлімі арқылы науқастар жөнінде ақпарат алынып, КТ кабинетіне жолданады.
Қабылдайтын дәрігерлер: Н.Р.Сарыбаев , А.Р.Романова , Ж.М.Тасболатов
Қабылдау уақыты: 09:00 мен 18:00 аралығында
Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
Тіркеу телефоны: +7 (7122) 52 00 76
Аурухана бойынша КТ зерттеулерінің тізімі: