2022 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН КІМ ЖӘНЕ ҚАНША ТӨЛЕЙДІ

1 қаңтардан бастап ЕТЖ мен АЕК-тің артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін  жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді.

Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 мың теңгеден аспайды.

Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейді.

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар – ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді.

Бірыңғай жиынтық төлем:

қала тұрғындары үшін – 1 АЕК немесе 3 063 теңге;

ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңгені құрайды.

Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 мың теңге төлейді.

Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты, яғни  11 млн-нан астам адам үшін төлем жасайды.

Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.