25 қазан құрметіне № 2 Атырау облыстық ауруханасы 2022 жылғы 20 қазанда Ашық есік күнін өткізетіні туралы хабарлайды.

Республика күні, 25 қазан құрметіне № 2 Атырау облыстық ауруханасы 2022 жылғы 20 қазанда Ашық есік күнін өткізетіні туралы хабарлайды.
Халықты алдын ала жазылусыз қабылдау 09-00-ден 12-00-ге дейін өтеді. Жеке куәлігіңіз бен медициналық құжаттамаңызды алып жүріңіз. Халыққа келесі мамандардан тегін кеңес беріледі: терапевт, эндокринолог (ересек), кардиолог (ересек), инфекционист (ересек, балалар), аллерголог (ересек, балалар) жоғары білікті мамандар қабылдайды. ЭКГ, қандағы қантты анықтау, қан қысымын өлшеу – тегін.
Қажет болған жағдайда зертханалық қызметтер, рентгенография, компьютерлік томография және спирография ақылы негізде ұсынылатын болады. Акция өткізілген күні осы қызметтерге 20% жеңілдік беріледі.
510092 телефоны бойынша анықтамалық ақпарат
Біздің мекен-жайымыз: Бейбарыс ауылы даңғылы, 412