Атырау облысына 20 жаңа жедел-жәрдем көлігі берілді

Атырау облысына 20 жаңа жедел-жәрдем көлігі берілді
3 қараша күні Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына жаңадан келген 20 жедел жәрдем көлігінің кілтін салтанатты түрде табыстады.
Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тағы 5 жедел жәрдем көлігі табысталатынын хабарлаймын. Сонда облысымызда 65 жедел жәрдем көлігі қызмет етеді.