Тағайындау тәртібі:
1) Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру ұйымдарына емделуге бастапқы медико-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың (Бұдан әрі – БМСК ұйымы) жолдамасымен жіберілген Атырау облысының тұрғындары емделуге барып келген соң 5 (бес) жұмыс күні (белгілі себептермен дәлелді құжаттары болған ретте 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тегін немесе жеңілдікпен жол ақысын ұсыну туралы өтініштерін, осы Ереженін 4-тармағындағы қажетті құжаттарды жалғай отырып, Өзі тіркелген емхананың жауапты маманына тапсырады.
2) Емхананың жауапты маманы аптасына бір рет (бірақ науқас емханаға құжат тапсырған сәттен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей) облыстық аурухана базасында орналасқан Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру ұйымдарына емделуге жолдама салатын порталга жауапты маманға (бұдан әрі – жауапты маман) өз ұйымы бойынша тегін немесе жеңілдікпен жол ақысын алуға өтініш берген тұлғалардың қалыптастырылған тізілмі мен құжаттарын тапсыру қажет.
Порталға жауапты маман әр айдың 15-не дейін БМСК ұйымдарымен тапсырылған өтініштер бойынша жиынтық тізілімді қалыптастыра отырып, жиынтық тізілімді растайтын құжаттарымен қоса Баскарманың экономика, мемлекеттік сатып алу жане инвестициялық жобалар бөліміне тапсырып отырады.
Тапсырылған өтініштер түскеннен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Денсаулык сактау басқармасы басшысының бұйрығымен құрылған тұрақты комиссиямен қаралады.

1)науқастың немесе дәрігерлік кеңес комиссиясының шешімі негізінде қостауға қажетті 14 жасқа дейінгі балаларды және ауыр науқастарды қостаушының (бір адамнан артық емес) атынан жол ақысын өтеу жөнінде өтініш;
2)067 формалы ауруханаға жатқызу талоны;
3)001-3/у формалы жолдама көшірмесі;
4)027 формалы амбулаторлық, стационарлық науқастың медициналық картасының көшірмесі;
5)туу туралы куәлік көшірмесі балаларға ;
6)науқастың немесе дәрігерлік кеңес комиссиясының шешімі негізінде қостауға қажетті 18 жасқа дейінгі балаларды және ауру науқастарды қостаушының жеке куәлік көшірмесі;
7)науқастың немесе дәрігерлік кеңес комиссиясының шешімі негізінде қостауға қажетті 18 жасқа дейінгі балаларды және ауыр науқастарды қостаушының «Казпочта» АҚ дербес шот кітабының көшірмесі,
8)науқастың немесе дәрігерлік кеңес комиисиясының шешімі негізінде қостауға қажетті 18 жасқа дейінгі балаларды және ауыр науқастарды қостаушының емдеу орынына дейінгі және қайту жолының құжаттарының түпнұсқасы.

