Қазақстан тұрғындары тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Тегін дәрі-дәрмекті белгілі ауруы бар, яғни медициналық көрсеткіштері бар адамдар ғана ала алады

Қазақстан тұрғындары тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Тегін дәрі-дәрмекті белгілі ауруы бар, яғни медициналық көрсеткіштері бар адамдар ғана ала алады. Тегін дәрі-дәрмектер тізімі ҚР Денсуалық сақтау Министірлігінің 2021 жылдың 5 тамызындағы №75 Бұйрығында көрсетілген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023885).

Бүгінгі таңда амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде 54 ауру қарастырылса, ал МӘМС бойынша 127 ауру түрі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету келесі ауру түрлері үшін жасалады:

  • жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, аритмия;
  • бронх демікпесі, COVID-19 коронавирустық инфекциясы;
  • созылмалы вирустық С, В гепатиті, асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы;
  • аутоиммунды аурулар және иммун тапшылығы жағдайлары, жедел лимфобластикалық лейкемия, созылмалы миелоидты лейкемия;
  • қант диабеті, муковисцидоз;
  • ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, жүйелі склероз, шашыранды склероз;
  • церебральды сал ауруы, эпилепсия;
  • туберкулез, ВИЧ-инфекциясы, онкологиялық аурулар;
  • туа біткен жалпыланған Берардинелли-Сейптің липодистрофиясы;
  • омыртқаның бұлшықет атрофиясы, нейробластома және т.б.

Дәрі-дәрмекті алу үшін науқас өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінуі қажет. Дәрігер науқасқа оның медициналық көрсеткіштері және қажеттілік болған жағдайда дәрі-дәрмекке рецепт жазып береді. Берілген рецептті науқас өзінің жеке басын куәландыратын құжатымен бірге емхананың дәріханасына жолығуы тиіс.