#2 Атырау облыстық ауруханасының бактерио-серологиялық зертханасы жаңа BACT/ALERT 3D бактериологиялық анализаторымен жабдықталды

#2 Атырау облыстық ауруханасының бактерио-серологиялық зертханасы жаңа BACT/ALERT 3D бактериологиялық анализаторымен жабдықталды. Бұл анализатор “Медилэнд” ЖШС-нен реагенттік келісім-шарт негізінде бөлінген. BACT/ALERT 3D бактериологиялық анализаторымен қанды стерильділікке және гемокультураның бөлінуі, сонымен қатар плевра сұйықтығын, транссудатты және экссудатты талдауға болады. Екінші кезеңде антибиотиктерге сезімталдықты анықтау VAITEK 2 бактериологиялық анализаторында жүргізіледі. Бактерио-серологиялық зертхана меңгерушісі Айман Китанованың айтуынша анализаторлардың артықшылықтары – нәтиже қорытындысының мерзімін қысқарту, қол әдісі кезінде теріс нәтиже беруді 10 күннен 5 күнге дейін және оң нәтижені 4 күннен 2 күнге дейін қысқарту, сондай-ақ – үлгіні бір рет қайталап себуге байланысты ластануды болдырмау.