Соңғы жылдары ел аумағында телефон және интернет –
алаяқтық фактілері жиілеп кетті, олардың саны 10 есеге өсті
(2017 ж. – 2046 факт, 2023 ж. – 21637). Мұның себебі жалпыға бірдей
цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу, қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуды, онлайн қызметтерді және т. б. дамыту болып табылады.
Сонымен қатар, халық арасында қаржылық және құқықтық
сауаттылықтың жеткіліксіздігі байқалады. Сіздерге осы профилактикалық материалдың маңызды екендігін хабарлаймыз!