10.11 2017 жылы Атырау Облыстық инфекциялық ауруханасында Астана медицина университетінің профессорлары, м.ғ.д., балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Д.А.Баешова, шұғыл медициналық көмек, реанимация және анестезиология кафедрасының меңгерушісі Н.А.Малтабарованың қатысуымен «Балалар инфектологиясының өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинардың барысында балалар арасында жиі кездесетін жедел респираторлы вирусты инфекциялар, олардың асқынулары кезіндегі шұғыл көмек, құрсақ ішілік инфекцияларды диагностикалау және емдеу тактикасы талқыланды. Семинарға қалалық емханалар мен аудандық ауруханалардың инфекционист, педиатр, жалпы тәжірибелік дәрігерлері, барлығы 45 маман қатысты.
Сонымен қатар, семинар соңында астаналық мамандар ауруханада емделіп жатқан, жағдайы ауыр науқастарды қарап, 7 науқасқа консультациялық көмек көрсетті.