ШЖҚ КМК «Атырау облыстық жұқпалы аурулар аурухана» базасында 2017 жылдың 15 мамырынан бастап «Ересектер мен жүкті әйелдер жұқпалы ауруларының шұғыл жағдайларындағы өзекті мәселелер» атты тақырыпта дәрігер-инфекционистерге арналған семинар өткізілуде.
Семинарды Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Антонина Аркадьевна Ким өткізуде. Семинардың бірінші күні «Ересектер мен жүкті әйелдердегі жедел респираторлық вирустық инфекция. Жедел респираторлық вирустық инфекция кезіндегі щұғыл жағдайлар» тақырыбына арналды. Семинарға барлығы 21 дәрігер-инфекционист қатысты.