Жедел ішек инфекциясы бөлімшесі 60 кереуеттік, 2-3 орындық бокстар, аурухананың І, ІІ қабатында орналасқан.
Бөлімшеде 2 дәрігер, 15 мейірбике соның ішінде 6 жоғары санатты мейірбике, 1- І санатты және 15 кіші буын медицина қызметкерлері еңбек етеді.
Бөлімше меңгерушісі Қизатова Нұрфия Төлемісқызы – еңбек өтілі 19 жыл, медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты инфекционист.
Израиль, Белоруссия, Алматы, Астана қалаларында білімін жетілдірген.
Дәулетов Жұмабек Бағытұлы- еңбек өтілі 37 жыл, І санатты инфекционист дәрігер. лматы, Астана, Ресей қалаларында білімін жетілдірген.
Бөлімшеде инвазивті және секреторлы диареялар, сальмонеллез, дизентерия және тағы да басқа ішек инфекциялары, аса қауіпті жұпалы ауруларға күдікті науқастар және құрсақ ішілік инфекциясы бар сәбилер, бөлімшенің ересектерге арналған палаталарында жедел ішек инфекциялары, вирусты гепатиттер, бруцеллезбен науқастар емделеді.
2016ж бөлімшеден 3041 науқас емделіп, жоспар 125%-ға орындалды