АУРУХАНАДА “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” ӨТТІ

АУРУХАНАДА “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” ӨТТІ

№2 Атырау облыстық ауруханасында 4 наурыз күні “Ашық есік күні” өтті, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Пандемия уақытында 2 жылға жуық жабық болған кеңес-диагностикалық бөлімше өз жұмысын қайта бастады.

Аурухана директорының міндетін атқарушы Надя Ерғалиеваның айтуынша, кеңес-диагностикалық бөлімшесінде рентген, ультрадыбысты зерттеу, фгдс, компьютерлі томографиялық кабинеттерімен қатар, амбулаториялық-емханалық көмек жолдамасымен бейінді мамандар консультативтік кеңес беріп, әр түрлі зерттеулер өткізіледі.

“Ашық есік күні” қала тұрғындарына инфекционист, кардиолог, терапевт, эндокринолог, пульмонолог, хирург, аллерголог мамандар тегін кеңес берді.

Сонымен қатар,  келушілердің бойын, салмағын, артериалды қан қысымын, ЭКГ, қаннан қант анықтау шаралары тегін өткізілді. Келушілерге салауатты өмір салты бойынша көрнекі материалдар таратылып, видеороликтер көрсетілді.

Ерғалиева Надя Айтчиғалиқызы осындай шаралар алдыңғы уақытта да өткізілетінін айтты.

Тексерілуге келген қала тұрғындары да дәрігерлерге өз ризашылықтарын білдірді.

-Ауруханада ашық есік күні өтеді дегенді естіп, медициналық тексеруден өтуге келдім. Дәрігерлер жыры шыраймен қарсы алып, ақпарат беріп, тексерілуіме көмегін тигізді. Осылай қауіпті дерттен сақтынып, денсаулығымызды күтініп жүрейік.  Аурухана әкімшілігіне ризашылығымды білдіріп,  осындай  шаралар жиі болып тұрсын деген тілек айтамын – деді Гүлзина Қосыбаева