Жыл басынан бері елімізде қызылша жұқтырды деген күдікпен 56 науқас тіркелген. Оның жиырмасы зертханалық түрде расталған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
Атырау облысынанда қызылшаға күдікті 4 жағдай тіркеліп, 2-еуі дәлелденген.
Соңғы рет облыста 4 жыл бұрын тіркелген дерттің қайта анықталғанына мамандар дабыл қағуда. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінгі күні әлем елдерінде қызылшаның таралуының қаупі артып келеді. Бұған себеп COVID-19 пандемиясынан кейін қызылшаға қарсы вакцинациялау, осы инфекцияға эпидемиялық қадағалаудың төмендегені болып отыр.
Сондықтан мамандар ата-аналарға міндетті түрде вакцина және ревакцина салуға шақыруда. Айта кетейік, вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста, ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.